ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2020 | 18:17
Байғабылов Алматыда ауаны не ластайтынын айтты
Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қаладағы ауа сапасын айтып, ластанудың негізгі көзін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қаладағы ауа сапасын айтып, ластанудың негізгі көзін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәдуақас Байғабылов атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг қаланың негізгі автомагистральдарында тоқсан сайын 20 нүктеде жүргізілетінін, санитариялық-химиялық көрсеткіштер бағаланатынын атап өтті.
"2020 жылдың тоғыз айындағы мониторинг нәтижесі ластанудың негізгі көзі автокөлік екенін көрсетті", - деді Байғабылов.
Санэпидбақылау департаменті басшысы орынбасарының мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеген.
"2020 жылдың тоғыз айында ауаның 10 705 сынамасынан 1718 сынама (16 пайызы) шекті рұқсат етілген концентрациядан асып түсті, бұл ретте сәйкес келмейтін сынамалар 2019 жылы 31,3 пайыз болған", - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов.
Ол ауадағы заттардың концентрациясы қаншалық өскенін айтты:
көміртегі оксиді 1,9 есе (норматив текше метріне 3,0 миллиграмм); азот диоксиді 1,7 есе (норматив текше метріне 0,04 миллиграмм); көмірсутектер 1,6 есе (норматив текше метріне 50 миллиграмм); шаң 1,6 есе (норматив 0,15 миллиграмм / текше метр); қорғасын 1 есе (норматив 0,0003 миллиграмм / текше метр).Сондай-ақ, департамент өкілі ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары асып кеткен қала аудандарын айтты:
• Алатау ауданы - 22,8 пайыз;
• Наурызбай ауданы - 21,7 пайыз;
• Әуезов ауданы - 19,5 пайыз;
• Бостандық ауданы - 15,2 пайыз;
• Алмалы ауданы - 14,8 пайыз;
• Медеу ауданы - 14,2 пайыз;
• Жетісу ауданы -9,86 пайыз;
• Түрксіб ауданы - 2,41 пайыз.
Байғабылов зиянды химиялық заттармен ластанған ауа көбіне тыныс алу, жүрек-тамыр және жүйке жүйесінің көптеген ауруын тудыратынын да атап өтті.
"Мысалы, ауадағы көміртегі тотығының (көміртегі оксиді) аз мөлшері ұйқышылдық пен бас айналуын тудыруы мүмкін, айтарлықтай концентрациядан тұншығуыңыз мүмкін. Азот диоксидінің жоғарылауы өкпенің ісінуіне және қан құрамының өзгеруіне әкеледі. Қорғасын сүйектерде, бауырда және бүйректе жиналып, олардың бұзылуына әкеліп соғады, ұзақ уақыт әсер етсе, балаларда ақыл-ой кемістігі мен созылмалы ми ауруларын тудырады", - деді ол.
ДДҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлемде өкпе қатерлі ісігіне шалдыққандар мне өліммен аяқталған барлық жағдайдың 29 пайызы, төменгі тыныс жолдарының жедел инфекцияларынан ауру мен өлімнің барлық жағдайларының 17 пайызы, инсульттан болатын барлық өлімнің 24 пайызы, жүректің ишемиялық ауруынан болатын барлық ауру мен өлімнің 25 пайызы, созылмалы обструктивті өкпе ауруынан болатын барлық ауру мен өлімнің 43 пайызы атмосфералық ауаның ластануынан болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также