20 қараша 2020 14:00

Байғабылов Бекшиннің орынбасары болды

Сәдуақас Байғабылов Алматының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәдуақас Байғабылов Алматының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалдым", - деді Сәдуақас Байғабылов Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин. Сәдуақас Байғабылов оның орынбасары болды.

Бұған дейін Сәдуақас Байғабылов көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер лауазымын атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 31 наурызында тағайындалған.

Шілдеде Байғабылов бірнеше апта бойы Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды. Айтуынша, ол коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберілген. Алайда ай соңында ол көліктегі бас дәрігер лауазымына оралды.

2020 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Сәдуақас Байғабылов Павлодар облысының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері қызметін атқарды. Байғабылов Президенттің ол басқарған департаментіне айтқан сынынан кейін бұл қызметтен өз еркімен кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram