Байғабыловқа жаңа міндеттер жүктелді

Алматы қаласы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов тағы бір лауазымға ие болды. Ведомство сайтында Байғабыловқа әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі жүктелгені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 ақпандағы бұйрығымен Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттерін атқару Департамент басшысының орынбасары С.Н.Байғабыловқа жүктелді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымына 2020 жылдың қарашасында тағайындалған болатын.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ол Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарған еді. Бұл лауазымға 2020 жылдың 31 наурызында тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама