26 шілде 2024 | 15:21

Байқоңырда қос азаматтығы бар қыз анықталды

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шілдеде ҚР ІІМ Байқоңырдағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңырдың тұрғыны, 18 жастағы азаматшаны анықтады.

"Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алынды. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" ҚР Заңының 21-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная