ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2023 | 15:36
"Байланыс болмағандықтан әкесі мен екі баласы өртеніп кетті": Министрлік ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Алматы облысында ер адам екі кішкентай баласымен жеке үйдегі өрттен қаза тапты. Жергілікті тұрғындар ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығынан ауылға құтқарушыларды шақыру мүмкін еместігін айтып шағымданды. Цифрлық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында ер адам екі кішкентай баласымен жеке үйдегі өрттен қаза тапты. Жергілікті тұрғындар ұялы байланыс пен интернеттің жоқтығынан ауылға құтқарушыларды шақыру мүмкін еместігін айтып шағымданды. Цифрлық даму министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Кепебұлақ ауылында болды. Ауыл тұрғындары оқиғаның өз ауылдарында интернет пен ұялы байланыс болмағандықтан, өрт сөндірушілер мен басқа да жедел қызметтерді шақыра алмағандықтан болғанын айтады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Facebook желісіндегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ауылдағы халық саны 524 адам.
Байланыс операторы берген лицензиялық міндеттемелерге сәйкес 500-ден астам халқы бар елді мекендер кем дегенде 2G стандартының дауыстық байланысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Алайда байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелерін орындамаған.
"Кепебұлақ ауылында "Кар-Тел" ЖШС операторы ұялы байланыс қызметін ұйымдастыруы керек еді, ал "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС операторлары бірлескен келісім шеңберінде (инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану) қызмет көрсетуі тиіс. Алайда, "Кар-Тел" ЖШС басқа екі ұялы байланыс операторы үшін бірлескен келісім шеңберінде ұялы байланыс инфрақұрылымын ұйымдастырған жоқ, осыған байланысты осы ауылдағы байланыс сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмейді", - жазды Мейрамов.
Оның айтуынша, операторларға қатысты көрсетілетін қызметтердің сапасына тиісті тексеру жүргізіледі және операторларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады.
Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также