21 тамыз 2020 | 11:54

Байланыс орталығына жарты миллиард теңге. Аружан Саин күмәнді шығындар туралы айтты

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 2017-2019 жылдар аралығындағы 111 байланыс орталығына мемлекеттік қаражаттан жұмсалған күмәнді шығындар туралы хабарлады. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында 533 630 000 теңге сомасындағы бюджет ақшасы қайда кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 2017-2019 жылдар аралығындағы 111 байланыс орталығына мемлекеттік қаражаттан жұмсалған күмәнді шығындар туралы хабарлады. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында 533 630 000 теңге сомасындағы бюджет ақшасы қайда кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"...2017-2019 жылдары Үкімет қаулыларымен БҒМ мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары арқылы бала құқықтары жөніндегі уәкіл желісі бойынша 111 байланыс орталығына бөлінген 533 630 000 теңге туралы. Жарты миллиард теңге ғана ма?!" - деп жазады омбудсмен.

Реклама
Реклама

Саин 2019 жылдың шілдесінде қызметке орналасқаннан кейін қазақстандықтардың төлейтін күмәнді салық шығындарына таңғалғанын айтады.

"Мен бұл нөмірді жабуды өтіндім, мемлекеттік емес ақшаға өмір сүретін балалар мен жасөспірімдерге арналған 150 сенім телефонымен өзара қарым-қатынасты дамытуды ұсындым. Менің дәлелдерімді Президент қолдады, 111 байланыс орталығы жабылды. Қарсылық көп болды. Алғашқы екі жылда 111 байланыс орталығына БҒМ арқылы 166 000 000 теңгеден бөлінді, ал 2019 жылы оның бюджеті 200 000 000 теңге болды. Бұл сома балалар мен жастарға арналған ұқсас Ұлттық сенім телефонының бюджетінен 13 есе көп. Дағдарыс орталықтары, Зүлфия Байсақова ұйымдастырған 150 нөмірі демеушілер қаражаты есебінен өмір сүреді. Оның жылдық бюджеті - 15 070 000 теңге. Бұл сенім телефоны 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, яғни 15 жыл", - деп жазады Саин.

Аружан Саин 2017 және 2019 жылдардағы тиісті құжаттарды қоса ұсынды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік бюджеттің басқа да күмәнді шығындарын хабарлады. Мысалы, 10 компьютерді жалға алу үшін жылына 8 177 679 теңге, яғни бір компьютер үшін жылына 817 767 теңгеден жұмсалған. Бұл тізімде хостинг, техникалық қолдау, құлаққапты жалға алу, мониторинг және талдау секторының қызметі бойынша миллиондаған шығын бар.

Балалар омбудсмені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгенін, олар істі Есеп комитетіне қайта жібергенін, ал комитет өз кезегінде тексеруден бас тартқанын хабарлады.

Уәкіл қазақстандықтарды ақшаны санауды үйренуге және салықтардың қайда жұмсалатынын қадағалауға шақырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная