ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 18:25
"Байлаулы иттерді де атып кетеді". Сәтбаевта зооқорғаушылар бас көтерді
Сәтбаев қаласының зооқорғаушылары иттерді жаппай атуға наразы. Олар ұстау қызметі далада байланып тұрған иттерді де атып кетенін мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сәтбаев қаласының зооқорғаушылары иттерді жаппай атуға наразы. Олар ұстау қызметі далада байланып тұрған иттерді де атып кетенін мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сатпаев қаласында зооқорғаушылары жергілікті ветеринарлық қызметтің иттерді жаппай қыруына шағымданады. Еріктілердің айтуынша, алты жасар қыз үйсіз иттер талап кеткеннен кейін қайтыс болған соң аулау қызметі барлық итті тексерместен ататын болған. Тіпті байланып тұрғандарын да.
Өтірілген жануарлардың суреттерін Instagram-дағы animal_security парақшасында жариялады.
Ескерту, жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды!
"Аулау қызметкерлері саяжай үйінің ауласында, жеке аумақтағы иттерді атып өлтірді. Олар байланып тұрған. Бұл енді шектен шыққандық. Сәтбаев полициясынан кінәлілердің кім екенін анықтап, ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарлардың өліміне немесе мертігуіне әкеп соққан қатыгездік жасау" бойынша қылмыстық жауапқа тартуды талап етеміз. Тұрғын үй секторында адамдардың өміріне қауіп төндіріп, атыс қаруын қолданғаны үшін және жеке меншіктің аумағында жеке мүлікті жойғаны, бүлдіргені үшін қылмыстық жауапқа тартуды талап етеміз", - дейді зооқорғаушылар.
Ал қала әкімдігі бұл оқиғаға ит аулау қызметінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдейді.
"15 наурызда Сәтбаев қаласының полиция бөліміне "Добрые руки" қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен "Горняк" бау-бақша қоғамдастығында болған иттерді ату оқиғаларына қатысты өтініш келіп түсті. Ветстанцияның мәліметінше, олар бұл жақта ит ауламаған. Біздің ойымызша, бұл жергілікті тұрғындардың бірі. Қазір тергеу шаралары басталды, қылмыстық іс қозғалады", - деп атап өтті ведомство өкілі.
Еске салайық, былтыр қарашада Сәтбаев қаласында қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастаған еді. Баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Оралдағы жануар қорғаушылары да иттерді өлтіруге наразы болған еді. Олар қалада иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру бағдарламасын ұстануды талап етеді. Бағдарламаға сәйкес, операциядан кейін жануарлар қайтадан босатылуы қажет.
Ақтөбелік жануарларды қорғаушылар да осы талаптарды қолдайды. Олар иттер, күшіктер мен мысықтарды қалай өртеп жатқанына куә болған. Сонымен қатар, қалада жануарларды өлтіруге ресми түрде тыйым салынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также