"Байрам тыныш өмір сүргізбей жатыр". Шымкенттік ер адам қыздың видео үндеуінен кейін қамауға алынды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
видео кадры

Әлеуметтік желідегі видеода бойжеткен Байрам есімді көршісінің сегіз жыл бойы анасы екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне мүмкіндік бермей, қорлағанын айтады. Одан бөлек, басқа көршілер де бұзақыға шағымданған. Шымкент тұрғыны белгілі бір уақытқа дейін ешқандай шара қолданбағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұран аудандық полиция бөліміне екі азаматша көршілес тұратын ер адамның үстіне арызбен жүгінген. Бір арызда көршісінің 12 жастағы баланы қағып кеткені, ал екінші арызданушы ер адамның балағат сөздерімен қорлағаны туралы шағымданған.

Құқық бұзушыға қатысты "денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұсақ бұзақылық жасау" деректері бойынша ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен және 434-бабымен хаттамалар толтырылды. Материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қарауына жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алайда күдікті қашып үлгерген. Оны іздеуге патрульдік полиция полкінің экипаждары жұмылдырылды.

Нәтижесінде полиция оны тұтқындады. Сот қаулысымен ер адам 14 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама