Бәйтерек маңындағы ерсі сурет - студент қандай жаза алды?

Бәйтерек маңындағы ерсі сурет - студент қандай жаза алды? Фото:depositphotos.com/ dchulov

Астана соты елорданың басты көрікті жерлерінің бірінің қасында ерсі суретке түскен студенттің ісін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана соты елорданың басты көрікті жерлерінің бірінің қасында ерсі суретке түскен студенттің ісін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жай

Әлеуметтік желіде "Бәйтерек" монументінің алдында жерде жатып, ерсі суретке түскен жігіттің видеосы тарады.

Жарнама
Жарнама

Желі қолданушылары қазақстандықтың бұл әрекетін құрметсіздік деп бағалап, сынға алды.

Фото әлеуметтік желілерден

Бұған дейін Астана полициясы 19 жастағы қала тұрғынының ұсталып, оған қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаған болатын. Іс сотқа дейін жетті.

Сот қандай шешім шығарды?

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қ. есімді жігіттің ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады.

"Құқықбұзушының әрекеті "Бәйтерек" монументін пайдалана отырып ерсі визуал ишара жасау арқылы көрініс тапқан. Бұл - қоғамға ашық құрметсіздік білдіру және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзу", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта жігіт кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Соған қарамастан, сот оған 5 тәулікке қамау жазасын тағайындады.

"Әкімшілік жаза шарасын белгілеу кезінде сот қоғамға теріс әсер ететін және оған деген құрметсіздікті білдіретін, лайықсыз мінез-құлықтан көрінген іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын, сондай-ақ, құқықбұзушының жеке басына қатысты деректерді, соның ішінде оның 2006 жылы туғанын және студенттік мәртебесін ескерді", — деп хабарлады сотта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" санкциясында мыналар көзделген:

  • 20 АЕК мөлшерінде айыппұл (2026 жылы 86 500 теңге);
  • немесе 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
  • немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу.

Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін жаза 15 тәуліктен 30 тәулікке дейін қамауға алуға дейін қатаңдатылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама