Базалық мөлшерлеме, инфляция және мұнай: сарапшылар болжамы

Базалық мөлшерлеме, инфляция және мұнай: сарапшылар болжамы Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама параметрлеріне Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама параметрлеріне Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы кіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай бағасы мен экономика өсімі

Мұнай бағасына қатысты сценарийлік шарттар барлық болжам көкжиегінде жоғарыға қарай қайта қаралды. 2026 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы орта есеппен барреліне 80 доллар көлемінде, 2027 және 2028 жылдары барреліне 70 доллар деңгейінде болады деп күтіліп отыр.

Реклама
Реклама

Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар айтарлықтай өзгерген жоқ. Ортамерзімді кезеңде ЖІӨ өсімі біртіндеп әлеуетті деңгейге жақындайды. 2026 жылы өсім 5 пайыз, 2027 жылы – 4,6 пайыз, 2028 жылы – 4,3 пайыз болады деп болжанады.

Инфляция мен базалық мөлшерлеме

2027 жылға арналған инфляциялық күтулер 8 пайыздан 8,6 пайызға дейін қайта қаралды, ал 2026 және 2028 жылдарға арналған бағалаулар тиісінше 10 және 7 пайыз деңгейінде сақталды. Осыған байланысты 2027 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша медианалық болжам да 12 пайыздан 13,3 пайызға дейін көтерілді. 2026 жылдың соңына арналған күтулер 15,9 пайыз деңгейінде сақталады, ал 2028 жылға арналған көрсеткіш 11 пайыздан 11,3 пайызға дейін аздап көтерілді.

Сауалнамаға кімдер қатысты?

Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 14 ұйым қатысты. Респонденттер қатарында нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ рейтингтік агенттіктер бар.

Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық банк болжамдары кірмейді. Ол нарықтың кәсіби қатысушыларының Қазақстан және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуына қатысты тәуелсіз пікірлеріне, бағалауларына және күтулеріне жасалған шолудан тұрады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама