20 қыркүйек 2022 | 16:05

Базар, жер және кәсіпорындар: қандай нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ?

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және олигополия меншігіне өткен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және олигополия меншігіне өткен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, соттар жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгеге жуық мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы прокурордың 10 талап арызын қарап жатыр.

Олардың ішінде:

Реклама
Реклама
  • елордалық "Шапағат" базары;
  • Шымкент қаласындағы қоқыс өңдеу кәсіпорындары – "Таза қала" МКК және "ЛТД Тұрмыс" ЖШС;
  • "Қазақ инновациялық университеті" ЖШС меншігіндегі Шымкент қаласындағы 150 гектар жер телімі, құны 4,5 миллиард теңге;
  • "Сарыағаш" санатория-курорт кешенінен 1,44 гектар жер;
  • Ақмола облысында 17 мың гектар жер;
  • Алматы қаласында құны 2,9 миллиард теңге болатын 3,84 гектар жер;
  • "Найза-БН" ЖШС жарғылық капиталының 65 пайызы (Алматы қаласындағы "Барыс-4+" базары) бағалау құны 1,5 миллиард теңге.

"Бұдан басқа, активтерді кейіннен шығару, экономикалық ресурстарды монополиялық (олигополиялық) шоғырландыру мақсатында мемлекеттік мүлікті заңсыз иелену, міндеттемелерден, оның ішінде салықтық міндеттемелерден жалтару деректерін анықтау тұрғысынан азаматтық істер бойынша сот актілеріне тексеру жүргізіледі.

Қазір Жоғарғы сот қарауында жалпы сомасы 21 миллиард теңгеге олигополия өкілдері пайдасына жасалған сот шешімдерін қайта қарау туралы Бас прокуратураның 11 наразылығы жатыр", - деді Зейін Әліпбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная