05 мамыр 2021 | 11:09

"Базарға екпесіз кіргізбейді" - Қызылорда облысының әкімдігі видеоға жауап берді

Әлеуметтік желілерде Қызылорда базарына коронавирусқа қарсы вакцинасыз кіргізбей жатыр деген ақпарат пайда болды. Облыс әкімдігі видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Қызылорда базарына коронавирусқа қарсы вакцинасыз кіргізбей жатыр деген ақпарат пайда болды. Облыс әкімдігі видеоға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-дағы видео кадрларынан кезекте тұрған көп адамды көруге болады.

"Вакцина салдырмадың ба? Базарға кіргізбейміз. Байғұс адамдар, жұмыс істетпеді ғой", - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Қызылорда облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топтар құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін "Қорқыт Ата" сауда орталығында вакцинация жүргізді.

Бұл вакцинация ерікті түрде жүргізіледі. Барлық санитарлық талап сақталған. Айта кетейік, вакцинация алдында дәрігер міндетті тексеріс жүргізеді.

Сонымен қатар, "базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбейді" деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіндік бар", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная