Beeline Қазақстанның бірнеше қаласында болған желідегі ақаудың себебін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Beeline Қазақстанның бірнеше қаласында болған желідегі ақаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Beeline Қазақстанның бірнеше қаласында болған желідегі ақаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Beeline Қазақстанның кейбір қалаларында - Ақтау, Атырау, Орал, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбеде мобильді интернет қызметін ұсынуда шектеулер болғанын растайды.​ Алдын ала мәліметтер бойынша, бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде белгісіз тұлғалар Beeline кабелін зақымдаған", - делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, ұялы байланыс операторының инженерлері оқиға орнында, байланыстарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Өкінішке орай, кейбір қалалардағы қолайсыз ауа райы мен қалың қар жағдайды қиындатып отыр, бірақ біз қалпына келтіру жұмыстарын тездету үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз" , - деп қосты Beeline Қазақстан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама