27 желтоқсан 2019 | 13:29

Bek Air билеттерін 31 желтоқсанға дейін қайтару керек - Министрлік

© Тұрар Қазанғапов

Bek Air компаниясы сатып алынған билеттердің ақшасын қайтарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air компаниясы сатып алынған билеттердің ақшасын қайтарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, билеттерді 31 желтоқсанға дейін қайтару керек.

Реклама
Реклама

"Bek Air әуекомпаниясындағы жағдайға байланысты барлық жолаушы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған рейстердің әуебилеттерін толықтай қайтарып алуы керек", - делінген хабарламада.

Bek Air ұшағы апаты: Тікелей трансляция

Бүгін сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған болатын. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. 

Қаза тапқандардың саны - 15. Премьер-министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылды. 

Bek Air әуекомпаниясы мәлімдеме жасады

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе апаты салдарынан 7 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған.  Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Әуе апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная