03 қазан 2020 | 18:38

Bek Air ұшағы апаты: әуекомпанияның үстінен үшінші рет арыз түсті

Иллюстрациялық сурет

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері бүгінге дейін Бек Эйр әуекомпаниясы ақшасын қайтармаған адамдардың мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері бүгінге дейін Бек Эйр әуекомпаниясы ақшасын қайтармаған адамдардың мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты үшінші арызды қарап жатыр, онда комитет 482 адамды (30 миллион теңгеден аса сома тұратын 845 билет) қорғайды.

Реклама
Реклама

2020 жылдың 2 қазанындағы сот отырысы барысында Комитет іс жан-жақты және объектив қаралуы үшін соттан жауапты өкілдерден жазбаша дәлелдемелерді талап етуге, прокурорды, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ уәкілетті ұйымын, билет сату жөніндегі агенттерді, сондай-ақ мүддесі қоғалып отырған адамдарды сотқа қатысуға тартуға өтініш білдірді.

Алайда бұл өтініштерді сот қолдамады және қабылдамады.

Комитет құқықтық алаң аясында ақшалай қаражатты тұтынушыларға қайтару бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтыны хабарланды. 

Келесі сот отырысы 2020 жылдың 13 қазанында сағат 15.00-ге белгіленді.

Әуе компаниясына алғашқы сот ісі 20 маусымда, содан кейін 2020 жылдың 3 шілдесінде берілді.

Еске салайық, 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная