27 желтоқсан 2019 | 10:03

Bek Air ұшағы апаты: Тікелей трансляция

27 желтоқсан таңертең Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Tengrinews.kz онлайн режимде оқиға орнынан хабар таратады. Парақшаны жаңартуды ұмытпаңыздар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

27 желтоқсан таңертең Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Tengrinews.kz онлайн режимде оқиға орнынан хабар таратады. Парақшаны жаңартуды ұмытпаңыздар.

Реклама
Реклама

17:52 Тоқаев шұғыл жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Жиынға қатысушылар қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

17:44  Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден беріледі

Үкімет басшысы әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 4 миллион теңгеден берілетінін айтты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, барлық зардап шеккендерге қажетті қаржылай көмек көрсетіледі", - деді Мамин.

15.30 Апатқа ұшыраған ұшақтың диспетчері мен экипаждың соңғы әңгімесі жарияланды.

"БекЭйр 2100, жел 040 градус, 05 оң жаққа рұқсат беремін", - дейді диспетчер.

"05 оң жақ, 2100, сәттілік, күніңіз жақсы өтсің!" - дейді ұшқыш.

"Жолдарың болсын!" - деп қоштасады диспетчер.

Кейін диспетчер ұшқышқа бірнеше рет хабарласады:

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Круг"...

15.23 Ауыл тұрғындары Bek Air ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға тамақ әзірледі.

15.00 Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков көңіл айтты

"Қырғыз Республикасының және өз атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, қайғыға ортақпыз. Зардап шеккендердің тез жазылып кетуіне тілектеспіз"

14.41 Путин Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жіберді. 

"Жақындарынан айырылған адамдардың қайғыларына ортақтасамыз және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз".

14.00 Ұшақ апатының алдын ала болжамы - техникалық ақау және ұшқыштың қатесі.

Бұл туралы Роман Скляр мәлімдеді. 

13.59 Алматылықтар зардап шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруға келді. 

13.48 Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматы әуежайында брифинг өткізді.

13.29  Индустриялар және инфрақұрылымдық даму министрлігі Bek Air компаниясы сатып алынған билеттердің ақшасын қайтаратынын мәлімдеді. 

Министрліктің мәліметінше, билеттерді 31 желтоқсанға дейін қайтару керек.

"Bek Air әуекомпаниясындағы жағдайға байланысты барлық жолаушы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған рейстердің әуебилеттерін толықтай қайтарып алуы керек", - делінген хабарламада.

13.19 ІІМ Қаза тапқандардың тізімін шығарды:

1. Николай Астанов
2. Рустам Кайдаров
3. Бауыржан Калиев
4. Базархан Карибаев
5. Марат Муратбаев
6. Абай Нурбеков
7. Аршат Исина
8. Сания Аманжол
9. Дана Круглова
10. Каирхан Туматов
11. Валерий Ануфриев
12. Имина Оспанова

13.07 28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

12.43 Bek Air әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды

Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты қазақстандық Bek Air әуекомпаниясының қызметі оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін тоқтатылды. 

12.31 Әуекомпания ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады.

"Құрметті қазақстандықтар! Қайғылы жағдайға байланысты Bek Air компаниясы атынан көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқандардан ресми мәлімет күтіп отырмыз. Сіздерден аноним хабарламаларға назар аудармауларыңызды сұраймын, себебі олар алаяқтық мақсатта таралуы мүмкін. Өтініш, ресми ақпарат күтіңіздер". 

12.27 Bek Air ұшағының апатына байланысты ІІМ тергеу бастады

Адамдардың өліміне қатысты ІІМ сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша жүргізіп жатыр. 

12.20 Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова Алматы облысы Қызыл Ту ауылының маңындағы әуе апаты салдарынан қаза тапты.

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. 2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова Алматы облысы Қызыл Ту ауылының маңындағы әуе апаты салдарынан қаза тапты. ⠀ "Бұл ұшақпен баруы белгісіз еді, себебі Алматыда жоспарланған жұмыстары болатын. Бірақ Дана Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалап, осы рейспен ұшуға шешім қабылдады", - деп жазылған Informburo.kz сайтында. ⠀ Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде туған. 2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған. ⠀ Tengrinews.kz Дананың отбасына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтады.

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews) 26 Дек 2019 в 10:27 PST

11.53 Қаза тапқандардың саны 15-ке жетті.

Әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев оқиға орнында 14 адам, тағы бір адам ауруханада көз жұмғанын айтты. 

11.48 Алматы әуежайындағы баспасөз конференциясы. 

11.45 Астана әкімі Алтай Көлгінов қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақтың апатта қаза болған азаматтардың туыстарына көңіл айтамыз. Әуежайда Кризистік орталық ашылды,төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл әрекет ету штабы құрылды.Тел: 24-52-12, 24-51-71.Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде

— Altay Kulginov (@AltayKulginov) December 27, 2019

11.40 Алматы әуежайы. Баспасөз конференциясы. Спикер: Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. 

11.31 Bek Air ұшағының жолаушысы Марал Ерман әуе кемесі құлағаннан кейінгі видеоны жариялады. Оның сөзінше, бәрі тез әрі күтпеген жерден болған. 

11.18 Алматылықтарды зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қан тапсыруға шақырды. Қан тапсыру мекенжайы: Бұқар жырау көшесі, 47 үй, телефон: 274-31-99.

11.05 Алматы әуежайы. Медициналық пунктте, күту залында медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр.

10.59 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұшақта болған жолаушылар тізімін жариялады. Министрлік мәліметінше, ұшақта 93 жолаушы болған, оның үшеуі - сәби. Тағы бес адам - экипаж мүшесі. 

Жолаушылар тізімі:

1. Удербаева Кымбат
2. Омаров Ринат
3. Теменов Айбар
4. Нурбеков Абай
5. Нурбекова Мариям (бала)
6. Бекжанова Нагима
7. Жайгашты Адиль (бала)
8. Жайгашты Али (бала)
9. Нурбекова Адина (бала)
10. Калиев Бауржан
11. Туматов Каирхан
12. Аманжол Сания
13. Кайдаров Рустем
14. Баймурат Нурислам
15. Набиев Эдик
16. Ануфриев Валерий
17. Сон Юрий
18. Сон Яна
19. Баимбетова Гульнар
20. Асташов Николай
21. Аманов Серик
22. Исина Арман
23. Мукашева Салтанат
24. Жумаханов Шынгысторе
25. Ибраев Дархан
26. Рахимжанова Алия
27. Сиделковский Андрей
28. Карибаева Базархан
29. Кожабергенов Даулет
30. Ерман Марал
31. Бекмаганбетов Бахытжан
32. Круглова Дана
33. Нурахметова Шынар
34. Оспанова Амина
35. Абилев Жанат
36. Дедов Виталий
37. Карнаева Надежда
38. Жанболатова Бекзат
39. Клыков Матвей
40. Назаралиев Аслан
41. Каипбергенова Гульнара
42. Мажкенова Алтын
43. Кошенова Гульнура
44. Нурхамит Тилеулес
45. Жанбосынова Динара
46. Даулет Динара
47. Ескеров Жандос
48. Акмаганбетова Асем
49. Сагимбеков Арман
50. Куралбай Айгерим (бала)
51. Тулебаев Нурлан
52. Тулебаева Анар
53. Куралбай Дамели (сәби)
54. Зубов Виктор
55. Зубова Галина
56. Жолдыбаев Бекзат
57. Орынбаев Нурдос
58. Еримбетов Сарсенбек
59. Айболатова Зухра
60. Омарова Айман
61. Иминова Зульфия
62. Абдисаттар Жанкозы
63. Ахболат Даваа
64. Усен Саттыгуль
65. Ахболаткызы Асылым (сәби)
66. Абильдаева Асель
67. Сериков Мейрамбек
68. Гатиат Айсулу
69. Гатиат Максут
70. Гатиат Адильжан (сәби)
71. Алекперов Олег
72. Девичинская Ольга
73. Мурат Латипа
74. Салтанат Талап
75. Салтанаткызы Уларшынг
76. Габдыжамалова Зубаржат
77. Каратеев Иван
78. Куаншалин Марат
79. Утепов Еркин
80. Мамиев Мурат
81. Сейпилов Ильяс
82. Егамбердиев Наби
83. Попков Андрей
84. Кулгавый Евгений
85. Нуерлан Маолина
86. Абаганова Назым
87. Алимхан Нурболат
88. Адаев Еркебулан
89. Акишева Гулим
90. Асырова Анара
91. Нурманова Сауле
92. Нурманов Асхат
93. Кадауов Темирлан

10.56 Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

"Алматы әуежайынан ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін". 

10.50 Адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айман Омарова Bek Air-мен ұшуы керек болған, алайда соңғы сәтте ойынан айнып қалған екен.

10.43 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына келіп, №4 ауруханаға, Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына және Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына барып, зардап шеккендердің жағдайын білді.

10.36 Әуе апаты салдарынан "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Хайдаров қаза тапты. ІІМ ТЖК қаза тапқандардың тізімін жариялады.

10.31 Қаза тапқандардың тізімі жарияланды

10.27 Алматы әкімдігі зардап шеккендердің тізімін жариялады.

10.23 Қаза тапқандардың саны 14-ке жеткені хабарланып жатыр.

10.22 Әуе апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланды

10.19 Головкин қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Выражаю глубокие соболезнования родным и близким погибших при падении самолета возле Алматы. Скорбим вместе с вами. Всем пострадавшим желаю скорейшего выздоровления и сил.

— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) December 27, 2019

10.17 Ұшақтың радардан жоғалу сәті. Flightradar мәліметтері

10.12 Bek Air ұшағының құлауы кезінде зардап шеккендерді эвакуациялау сәтінің видеосы жаияланды.

10.00 Қазақстанда Fokker-100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды.

9.55 Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Ол кінәлілер қатаң жазаланатынын айтты.

Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.

— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 27, 2019

Шұғыл желі номері: 8 (7172) 53-32-84.

Алматы облыстық ТЖД: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная