25 ақпан 2020 | 12:06

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы берілді

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы берілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккендерге өтемақы берілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет тарапынан төленуі тиіс өтемақы берілді. 52 адам зардап шекті. Оларға өтемақы берілді. Қазір сақтандыру төлемдері жүріп жатыр. (...) Сақтандыру компаниялары жайлы айтатын болсақ, барлығы қажет құжат тізіміне байланысты. (...) Ол компания өтемақыны толық өндіріп береді. Бұл мәселе біздің бақылауымызда", - деді Талғат Ластаев.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, журналистер одан Bek Air билеттерінің ақшасын қайтаруға қатысты сұрақ қойды.

"Билеттердің бір бөлігінің ақшасы қайтарылды. Қазіргі уақытта Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті сотқа арыз берді, осы билеттердің ақшасын қайтару бойынша. 100-ге жуық адам хабарласты", - деді комитет басшысы.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Артынша, апаттан зардап шеккендер өтемақы ала алмай жүргендерін мәлімдеген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная