10 қаңтар 2020 | 15:18

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы аталды

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ұшақ апатына әуе кемесін мұз қатуы себеп болған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмегенін айтты. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко қатысып жатыр.

Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған болатын. "Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деген еді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастаған еді. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған болатын. Кейінірек Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная