26 қазан 2020 17:41

Бекшин Алматыда 31 қазанда өтеді деп жоспарланған митинг туралы пікірін айтты

Фото © Әлихан Сариев

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин 31 қазанда Алматыда өтетін митинг туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин 31 қазанда Алматыда өтетін митинг туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Митингілер туралы қандай шешім қабылдадыңыздар? Осы демалыс күндерінде митинг жоспарланған, сіз оған рұқсат етесіз бе әлде тыйым саласыз ба?" - деп сұрады журналист онлайн-брифингте Бекшиннен.

Реклама
Реклама

"Мен, әрине, бұл митингті және жалпы ауқымды шараның барлығын өткізбеуге кеңес беремін. Тәжірибе көрсеткендей, көп адам жиналған жағдайда әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын. Біз оның қаншалықты қауіпті екенін айттық. Адамдар бір-бірінің қасында дем алатын жерде бір жарым-екі сағат тұрғаннан кейін вирус жұқтыру ықтималдығы әлдеқайда жоғары, бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Оның үстіне, Алматыда аурудың өсуі жағдайында. Қазір біз күніне 10-20 жағдайды тіркеп жатырмыз", - деп жауап берді Бекшин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram