ПОДЕЛИТЬСЯ
31 тамыз 2020 | 18:03
Бекшин Алматыдағы шектеу шараларын жеңілдетті
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы шектеу шараларын жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы шектеу шараларын жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулыға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
- мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке және топ дайындықтары), кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілген;
- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) қызметіне рұқсат етілген;
-ұлттық парктерге, танымал туристік және тау объектілеріне (Медеу, Шымбұлақ, Бутаковка, Алма-Арасан, радон көзі және т. б.) жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдастырылған топтармен бетперде режимін және кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
- балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі, бір топ бес адамнан аспауі тиіс, алдын ала жазылу бойынша және талаптарды сақтау керек;
- 5-тен 180 адамға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектепалды даярлық сыныптарында білім алушыларға арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар және 1-2 сыныптар 15 баладан аспайтын жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс істейді;
- бір адамға бес шаршы метр су есебімен алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметіне рұқсат етілген;
- бес адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметіне рұқсат етіледі;
- жиналыстарды (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге рұқсат етіледі (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
- Бөбек "Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының" қызметіне рұқсат берілді";
- арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етіледі.
Сондай-ақ, ХҚО жұмысы талаптарды сақтай отырып, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, алдын ала жазылу бойынша ұйымдастырылады.
Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейінгі жұмыс істейді, отыратын орын саны іште 30-дан, ал ашық ауада 50-ден аспауы тиіс.
Тамақ жеткізу қызметіне жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері 9:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Демалыс және мереке күндері еңбек заңнамасына сәйкес мынадай шектеу шаралары енгізіледі:
- азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады;
- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады;
- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысы тоқтатылады;
- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, жаттығу залдарының, спорт кешендерінің жұмысы тоқтатылады;
- сауналардың жұмысы тоқтатылады;
- ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтатылады;
- діни нысандардың қызметі тоқтатылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также