ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2020 | 15:05
Бекшин алматылықтарға тағы да үндеу жасады
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына тағы да үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Бекшин Алматыдағы эпидемиялық жағдай күрделене түскенін айтады. Оның айтуынша, науқастардың 38 пайызының вирус жұқтыру себебі - бұқаралық іс-шараларға қатысу.
"Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,3 пайыз, жұқтыру коэффициенті – 1,37. Ағымдағы аптада КВИ ауруының деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалуда", - дейді Бекшин.
Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23-ші қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының (КВИ) 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 – сі симптомды, 5845-сі симптомсыз.
"Менің той ұйымдастырушыларына айтпағым: Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы оны отбасыларына тарататын қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай-ақ, той немесе еске алу кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз", - деді Бекшин.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также