20 наурыз 2021 18:19

Бекшин алматылықтарға үндеу жасады: енді не өзгереді?

Алматыда базар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындары жабылады. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда базар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындары жабылады. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда эпиджағдай нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында карантин шаралары күшейтілді. 2021 жылдың 21-28 наурызына жаңа қаулы қабылданды. 

Бекшиннің айтуынша, қалада мутацияға ұшыраған коронавирус анықталған. Бұл туралы ДСМ басшысы Алексей Цой мәлімдеген. 

Реклама
Реклама

"Мутацияға ұшыраған вирустың бұрынғы вирустан қауіптілігі 7 пайызға көп. Қалада жұғу көрсеткіші 70 пайызға көтерілді", - дейді санитар дәрігер. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда соңғы тәулікте 437 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, бұл ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты базарлар мен сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын шектеу туралы шешім қабылданды.

"Азық-түлік базарларына толық тыйым салынады. Сауда орталықтары да 21 наурыздан 25 наурызға дейін жұмысын тоқтатады, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандары тек жеткізумен жұмыс істейді", - деді Бекшин.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер ауданы 500 метрден кіші азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектелетінін айтты. Олар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей алады.

Қаулыға сәйкес:

- азық-түлік емес дүкендердің жұмысын шектедік (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін)
- шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек жазба бойынша, маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтерге тыйым салынады
- қонақ үйлер, демалыс базалары - толымдылығы 50 пайыздан аспайды
- СОО және базарлар жұмысын тоқтатады
- қоғамдық тамақтандыру тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді
- қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар-кесте бойынша жұмыс күндері, демалыс және мерекелік шектеулер енгізілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram