27 сәуір 2021 | 17:30

Бекшин Арбат неге жабылғанын айтты

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыдағы Арбаттың жабылуын бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин түсіндірді. Оның айтуынша, болашақта қаладағы саябақтарға шектеу енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Арбаттың жабылуын бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин түсіндірді. Оның айтуынша, болашақта қаладағы саябақтарға шектеу енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаяу жүргіншілер аймағында, бірінші кезекте Жібек Жолы, Панфилов, саябақ аймақтарында адамдар көп жиналатыны байқалады. Мыңдаған адам. Елде инфекция тарап жатыр.  Фотодеректер тіркелген. Тұрғындар Алмалы әкімдігіне шағымданып жатыр. Заңбұзушылық көп, оның ішінде тыныштықты бұзу және басқалары. Пилоттық жобада шектеу қандай нәтиже беретінін көруді ұйғардық. Алмалы әкімдігі шектеу санитария тұрғысынан көшелерде тәртіп орнатуға, сондай-ақ халықтың жиналу жағдайларын тоқтатуға мүмкіндік бергенін айтты. Осыған байланысты жақын арада біз Жібек Жолы көшесінде қозғалысты тоқтатуды қарастырамыз, сондай-ақ саябақтарға шектеу енгізу мәселесін қарастырамыз. Адамдар маска тағу режимін сақтамайды. Жастар 20-30 адамнан жиналады. Мұндай жағдайда коронвирус жұқтыру жағдайын тұрақтандыра алмаймыз", - деді Бекшин.

Бұған дейін ол Алматыда коронавирус бойынша пессимистік болжам орындалғанын және қалада локдаун енгізуге қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная