07 қаңтар 2021 | 14:16

Бекшин дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған алматылықтар сайлау кезінде қалай дауыс беретінін айтты

Сайлау кезінде дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған алматылықтар қалай дауыс бере алатыны белгілі болды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сайлау кезінде дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған алматылықтар қалай дауыс бере алатыны белгілі болды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, әрбір сайлау учаскесінің алдында дауыс берушілерді дене қызуы тексеріледі. 

Реклама
Реклама

"Егер дауыс берушінің дене қызуы көтеріліп тұрса, оның сайлау учаскесіне кіруіне тыйым салынады. Жедел жәрдем кезекшілікте болады. Жедел жәрдем дене қызуы көтеріліп тұрған адамды стационарға апарады, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызады. Медициналық мекемелерде жабық нысандар бар. Сол жерде дауыс беруге болады", - деді Бекшин.  

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табыбаев сайлау учаскелерінде дауыс берушілерді бақылап отыратын арнайы бөлме болатынын айтады. 

"Дауыс берушінің дене қызуы көтерілген жағдай оны сол бөлмеге апарып, дәрігерлер тексергеннен кейін жедел жәрдем көлігімен алып кетеді. Біз арнайы аурухана дайындап қойдық, сол жерде науқастар ПТР-тестінің нәтижесі шыққанға дейін болады. Сол бөлмелерде дауыс бере алады", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная