Бекшин жаңажылдық ұжымдық кештер туралы сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада жаңажылдық корпоративтік кештер мен шыршаларды өткізуге рұқсат жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қалада жаңажылдық корпоративтік кештер мен шыршаларды өткізуге рұқсат жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, барлығы желтоқсан айындағы қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Қазір қала "сары" аймақта, аурудың төменгі сатысында тұр. Қалада күніне 100-200 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, карантин шаралары сақталып тұр.

"Банкет өткізілетін нысанда адам саны 50 пайыздан аспауы керек. Барлығы корпоративтік кеш өткізілетін нысанның Ashyq тізімінде бар-жоғына және мекеменің жүйеде қандай деңгейде екеніне байланысты. Мысалы, егер қатысушы көшбасшылар қатарында болса, адам саны артады. Барлық іс-шаралар "сары" аймақтың шектеулерімен өтеді", - деді Бекшин.

Реклама
Реклама

Алматының бас санитария дәрігерінің айтуынша, ертеңгіліктер ұжымдық шараларға жататындықтан өткізуге тыйым салынады.

Бұған дейін Алматының бас санитария дәрігері жаңа жылдағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная