ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2021 | 10:17
Бекшин "СҚ-Фармация" экс-басшысының ісі бойынша сотта куәлік берді
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшиннің айтуынша, ол 2020 жылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген (санэпидбақылау комитетінің бұрынғы атауы). Наурызда ол Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері міндетін атқаруға іссапарға жіберілген. Кейін ол Алматыға ТЖ режимін енгізу кезінде бекеттерді ұйымдастыру үшін келген. Сәуірде оны Қазақстанның батыс облыстарына іссапарға жіберген.
"Атырау облысында қаулыларды өзім жазуға тура келді, өйткені онда да билік болмады. Эпидемияға қарсы шаралар туралы алғашқы шешімді де жаздым. 18 сәуірде Алматыға тағайындалдым. Мен Алматының бас санитария дәрігері болым. (...) Тек 12 маусымда ғана Алматы қаласы санэпидбақылау департаментінің басшысы болып тағайындалдым.
Алматыға 20 сәуірде келдім. 21 сәуірде жұмысқа кірістім. Жұмысты Орталық қалалық клиникалық аурухананы жабу туралы қаулы шығарудан бастадым", - деді Бекшин.
Сотта Жандарбек Бекшинге 2020 жылғы сәуірден мамыға дейін қорғаныс костюмдерінің жетіспеушілігі болды ма, ол қашан пайда болды және қандай себептен деп сұрақ қойылды.
"Мен Орталық қалалық клиникалық аурухананың тергеуіне қатысқан жоқпын. Денсаулық сақтау министрлігінің екі комиссиясы жұмыс істеді. (...) Анықтамаға сәйкес, ауруханада қорғаныс киімдері, бетперде тапшылығы болған. Қалалық балалар ауруханасына нормаға сәйкес келмейтін бетперделер қойылған. Медициналық киімдердің орнына құрылыс киімдері жеткізілді. Сол кезеңде көп себеп болды: ұйымдастырушылық тәртіп те, дәрігерлер тарапынан да талаптар бұзылды. Бұл осы ұйымдардағы жаппай вирус жұқтыру себептерінің бірі болды. Сондай-ақ, мониторингтік сапарлар кезінде есірткі орталығы мен медициналық көмек станциясында қорғаныс киімдерінің жетіспеушілігі байқалды. Медициналық көмек станциясында екіұшты жағдай болды. Басқа медициналық мекемелерде медициналық құралдар жеткілікті болды. "Қызыл" және "жасыл" аймақтарға бөлінуге байланысты, осы кезеңде төтенше жағдай болып, тексерулер тоқтатылды. Ол тек мамырдың соңында қайта басталды", - деп жауап берді ол.
Оның айтуынша, алдымен медициналық ұйымдар мен өңірлерге қорғаныс костюмдерді орталықтан сатып алу жоспарлаған. Бірақ кейін Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден аумақтық ұйымдарға сатып алуды тапсырған. Бұл мамырдың басында болған жағдай.
"Мен шаруашылық қызметке араласпадым, оған құқығым болмады. Өйткені кәсіпорынның басшысы болмадым. Департамент басшысы болып тағайындалғаннан кейін бізден қарыз сұрады. Бірақ кейін олар киім сапасыз екенін айтып, бас тартты. Оны алдыңғы басшы сатып алған. Мен қараған кезде, олар шынымен биологиялық қорғанысқа арналмаған екен. Сол кезде департамент 90 миллион теңгеге 12 мың костюм сатып алды. Екінші мамырдан бастап комитет бізге сатып алу бойынша өкілеттіктерді берді", - деп толықтырды Жандарбек Бекшин.
Бекшиннен медициналық қызметкерлердің коронавирус инфекциясын жұқтыру себептері туралы да сұралды.
"Себептері әртүрлі. Бұл ұйымдастырушылық тәртіпте дайын болмау, "қызыл", "жасыл" аймақтарға бөлінбеу, науқастарды дұрыс қабылдамаудан болған. Дезинфекция бойынша да ескертулер болды. Арнайы киімді кию және жою туралы да ескертулер болды. Әрине, себептердің бірі - қорғаныс киімдерінің болмауынан. (...) Екі медициналық ұйымда кемшілік болды", - деді ол.
Адвокат Алматының бас санитария дәрігерінен медициналық қорғаныс киімінің жетіспеушілігі дәрігерлердің вирус жұқтыруына негізгі себеп болды ма деп сұрады.
"Орталық клиникалық ауруханада себеп көп болды. Біріншіден, аудандастыру болған жоқ. Екіншіден, желдету жұмыс істемеді. Тіпті киімдер жеткілікті болған кезде де мамандар "қызыл" аймақта маска ауыстырмағаны анықталды. Сондықтан киімнің болмауы негізгі себеп емес. Бұл бірнеше себептен (...)", - деп жауап берді Бекшин.
Айта кетейік, Берік Шәріп медицина қызметкерлерінің 2020 жылдың сәуір-мамырында жаппай коронавирус жұқтыруына және атыс қаруын заңсыз сақтады деп айыпталған еді.
Айыптаушы тараптың толық мәлімдемесін мына жерден оқи аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также