ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2021 | 20:57
Бекшиннің жаңа қаулысы: Алматыда жаз соңына дейін карантин
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес, карантин 31 тамызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес, карантин 31 тамызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, тамыз айының соңына дейін тыйым ұзартылады:
- Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне;
- кәсіпорындардың қызметіне Ashyq-ке қатысқанына қарамастан демалыс және мереке күндері.
Сондай-ақ, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:
- барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесін енгізу;
- бастауыш, орта және жоғары сынып балаларына арналған бөлек кіру есіктері;
- барлық қызметкерлер мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгі сүзгісі;
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- кабинеттік оқыту жүйесін жою;
- әр уақытта бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының ауысуын ұйымдастыру;
- сыныпта, топта коронавирустық инфекциямен ауырған бірінші жағдайда, сондай-ақ отбасы мүшелерінің ауруы кезінде оқушыларды оқытудың онлайн-форматына ауыстыру;
- ата-аналардың өтініші бойынша оқушыларды онлайн форматта оқыту мүмкіндігі.
Қаулының мәтінін мына жерден оқыңыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также