02 мамыр 2024 | 17:22

Бектенов әкімдіктер мен министрліктерге тапсырма берді

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен көкөністер бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі үш апта қатарынан төмендеп келеді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер бойынша байқалып отыр.

"Маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының анағұрлым ауытқуына жол бермеу үшін Үкімет Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін алдын ала пысықтады. Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымы – өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Көкөністер Қазақстан нарығына "жасыл дәліз" арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады.

Сонымен қатар, жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезіндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері қаралды. Министрлік жыл басынан бері мүдделі органдармен бірлесіп, тауарлық үстеме бағаны асырған 732 деректі анықтап, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды, 109 өнімсіз делдал алып тасталған.

Үкімет басшысы кейбір тауарлар бойынша бағаның өсуі тіркелген Жамбыл және Абай облыстары әкімдеріне оларды тұрақтандыру шараларын күшейтуді тапсырды.

Сауда министрлігіне бағаның өзгеруіне күн сайын талдау жүргізу, Ауыл шаруашылығы министрлігіне нарықты отандық өніммен сапалы әрі толық көлемде қамтып, агроөнеркәсіп кешені саласындағы өңдеу көлемін арттыру жөніндегі барлық жоспарланған шараларды іске асыру жүктелді.

"Халықты сапалы әрі қымбат емес өнімдермен қамтамасыз ету – Үкімет пен жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі. Делдалдарсыз және бағаға қатысты алаяқтыққа жол бермейтін тікелей жеткізілім қажет. Әкімдер құқық қорғау органдарымен бірлесіп бұл мәселеде тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная