Бектенов үкіметте тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Бектенов үкіметте тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" басшысына тым ұзақ баяндама үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа 16 минуттық баяндамасынан кейін ескерту жасады.

"Баяндамаңыз тым созылып кетті ғой. Қысқа да нұсқа баяндау керек. Уақытты үнемдейік", - деді Бектенов.

Жарнама
Жарнама

Бүгін Үкіметтің күн тәртібі - электроэнергетика саласын дамыту және цифрландыру мәселелері.

Қайрат Мақсұтов — "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы. Ол "Самұрық-Қазына" қорының құрылымына кіретін Қазақстандағы ең ірі энергия өндіруші компанияны басқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама