06 сәуір 2022 19:44

Белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Әбдірәлі Бөлебай. Фото: instagram.com/zhanarbek.ashimzhan

Телевизия және радио ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды. Бұл туралы Qazaq Radiosy сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телевизия және радио ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай қайтыс болды. Бұл туралы Qazaq Radiosy сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Радио және телевизия саласының ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті", - делінген хабарламада.

Әбдірәлі Бөлебай Жамбыл облысы Ерназар ауылында дүниеге келген. Алматыдағы №46 қалалық кәсіптік техникалық училищені, Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген. Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясында режиссердың көмекшісі болып бастаған.

Реклама
Реклама

Қазақ радиосында, Қазақ телевизиясында диктор, дикторлар тобының жетекшісі, "Хабар" агенттігінде "Жеті күн" ақпаратты сараптау бағдарламасының және "Жаңалықтар" қызметінің жүргізушісі, "Қазақстан" ұлттық арнасы Астана филиалының дикторы, Қазақстан Президенті Теле-радио кешенінің продюсері, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған. Қазақ радиосында дикторлық қызмет еткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram