14 тамыз 2022 11:41

Белгілі мемлекет қайраткері Балташ Тұрсымбаев қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: kostanay1879.ru

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист Жұмабике Жүнісова Facebook-те жазды.

"Қазір ғана Серікбай Әлібаев қаралы хабар жариялады. Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев қайтыс болыпты", - деп жазды Жүнісова.

Реклама
Реклама

Балташ Тұрсымбаев - 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram