12 қаңтар 2021 17:05

Белгісіз біреу Қарағандыдағы клиникалық ауруханада жарылғыш зат барын айтты

Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық ауруханада "бомба барын" айтты. Медициналық мекемеден 300 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда белгісіз біреу облыстық клиникалық ауруханада "бомба барын" айтты. Медициналық мекемеден 300 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел әрекет ету орталығынына аноним хабарлама сағат 11.15-те түскен. Белгісіз біреу Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада жарылғыш құрал барын айтқан. Төтенше жағдай қызметкерлері бірден оқиға орнына шыққан. Олар ең алдымен ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялады. 

Реклама
Реклама

"Барлық сақтық шарасын сақтау қажет болғандықтан медициналық мекемеден 300 адам эвакуацияланды. Науқастар (160 адам) жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, медициналық қызметкерлер (120 адам) және келушілер (20 адам) сыртқа шығарылды. Облыстық клиникалық аурухананы тексеру кезінде жарылғыш құрал табылмады. Бүгінде полицейлер жалған ақпарат таратқан адамды жедел іздеу шараларымен айналысып жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің өкілдері терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram