27 қараша 2019 | 14:54

Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі елордадағы мектеп-лицейде болды

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы №88 мектеп-лицейіне барды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы №88 мектеп-лицейіне барды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо"

"Қазіргі күні балалардың білім алуына жан-жақты жағдай жасалған. Соның дәлелі осы мектеп, сіздердің мектептеріңіз қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған. Оның үстіне жас стартапшылар өздерінің инновациялық үздік жобаларын ұсынып отыр. Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына қатысты барлық тиісті шаралар қабылданып, мүмкіндіктер ашылуда. Ендігі уақытта сіздер ұстаздар мемлекетке не беремін деулеріңіз керек, ол дегеніміз білімді ұрпақ. Жақында қала әкімімен бірге елордадағы мектеп директорларымен жиын өткізетін боламыз. Сол жерде біраз дүниелер қозғалатын болады", - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Реклама
Реклама


© Василий Крась

№88 мектеп-лицейдің басқа мектептерден ерекшелігі - мұнда еліміз бойынша алғашқы физика, химия және биология пәндері бойынша біріктірілген лабораториялық және инклюзивті кабинетпен жабдықталған.

"Сіздер бұл мектептің ең алғаш болып табалдырығын аттап жатсыздар. Алдағы уақытта бұл шағын ауданның көлемі кеңейетін болады. Елордада жыл сайын көптеген жаңа мектептер ашылып жатыр. Ол кім үшін? Сіздер үшін, жас ұрпақ үшін. Сіздер білімді болып шықсаңыздар жақсы маман боласыздар. Жақсы маман біздің еліміз бен қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын белді мүшесі деген сөз. Ол үшін алдымен тәрбие мен білім қажет, ал оны беретін мектеп", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная