Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтетін жер мен уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтетін жер мен уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

70 жасында өмірден өткен мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді. Қоштасу рәсімі 11 маусымда сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді деп белгіленген.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бүгін мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болғаны белгілі болды.

Бердібек Сапарбаев - Қазақстандағы бес өңірдің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі, экономика ғылымдарының докторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама