Берденов ісі бойынша айыпталушы сотта соңғы сөзін сөйледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Берденов ісі бойынша айыпталушы сотта соңғы сөзін сөйледі Фото ©️ Tengrinews.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін айыпталушы Ернар Жиембай соңғы сөзін сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы соңғы сөзінде кінәні ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

"Тағылған айыппен ішінара келісемін. Алайда бұл оқиға өздігінен болған жоқ деп сеніммен айта аламын. Ақыл-есім сау, бұл сараптама нәтижелерімен де расталады. Ешқандай себепсіз бейтаныс адамды қорқыту үшін қару алып, атпас едім. Сот процесінде берген айғақтарымды толық растаймын. Жәбірленуші Руслан Арысбекұлы Берденовтен болған оқиға үшін кешірім сұраймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне шықты. Бұл іс бойынша үкім жарияланатын уақыт қосымша хабарланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама