Берденовке жасалған шабуыл: прокурор айыпталушыға қандай жаза сұрады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокурор істе жазаны жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайлар бар екенін мәлімдеді. Жеңілдететін фактор ретінде ол айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын жағдай ретінде қылмыстың мас күйде жасалғанын айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.

Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама