Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы атанды

Бердібек Сапарбаев. ©oskemen.info

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары өңірдің бұрынғы әкімі, қазіргі вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа облыстың құрметті азаматы деген мәртебе беру идеясын құптап отыр, - деп хабарлайды Yk-news.kz.

Мәслихаттың бүгінгі өткен отырысында Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматтарының тізімі жасалды. Тізімде бұл атаққа лайықты деп танылған бес адам бар.

Облысты алты жыл басқарған бұрынғы әкімнен бөлек, бұл мәртебе халықаралық "Благовест" қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы Зинаида Драгункинаға, Парламент мәжілісінің экс-депутаты Валерий Досқаловқа, Семейдің мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Кенжеш Мұқашев пен жазушы, әрі журналист Садыбек Түгелге берілді. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, өткен қараша айында Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оның орнына Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама