Бердімұхамедов Тоқаевқа ақалтеке мен тазы күшігін сыйға тартты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Қазақстан Президенті Ашхабадқа екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ат спорты кешенін аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды ақалтеке сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.

"Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асылтұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады.

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - деп жазды Берік Уәли.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне "керемет сыйы" және "бауырлас түрікмен халқы" тарапынан достық танытқаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көргені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама