ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 17:14
Берік Қамалиев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Берік Қамалиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап
ПОДЕЛИТЬСЯ
Берік Қамалиев жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап
"Берік Қамалиев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген үкіметтің сайтында.
Берік Қамалиев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы қызметінде болған. 2010 жылдың сәуір айынан бастап 2011 жылдың сәуір айына дейін Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейіннен ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар, Берік Қамалиев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы қызметінде болған.
2016 жылдың шілдесінде Берік Қамалиев инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалған еді.
Показать комментарии
Читайте также