24 тамыз 2020 | 14:09

Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрідің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрідің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-менеджер, заңгер.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған. 2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған.

2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қаласы ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қалалық ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная