05 сәуір 2021 | 17:18

Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Берік Шолпанқұлов. Фото: primeminister.kz

Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

2019 жылдың наурызынан бері Шолпанқұлов қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Реклама
Реклама

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "экономист-есепші" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылықтың Касса қаражаты және мемлекеттік борыш басқармасы қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы болып бастаған. Әр жылдары ол Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. 2008-2014 жылдар аралығында қаржы вице-министрі болып жұмыс істеген. 2014-2016 жылдары қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың наурызына дейін қаржы вице-министрі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная