09 қаңтар 2022 | 20:40

Берік Уәли Президент митингілер басталғалы қандай жұмыстар атқарғанын айтып берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz мұрағатынан

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 24.kz арнасына берген сұхбатында митингілер басталғалы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай маңызды жұмыстар атқарғананы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 24.kz арнасына берген сұхбатында митингілер басталғалы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай маңызды жұмыстар атқарғананы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таңғы сағат 5-те, 5.3-да, 4-те ұйқтаған жоқ, халықпен бірге болды. Біз де сол Президент тапсырмасына сәйкес ақпараттың барлығын сағат 7-ден бастап таратып отырдық. Президент елдегі жағдай ушығып бара жатқаннан кейін сол күні түс ауа Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Сол 5 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанын көрдік. Бірден айтты, "халық алдына шығып екінші үндеуімді жария етуім керек" деді. 

5 қаңтарда Қауіпсіздік қызметінің төрағасы ретінде мәлімдеме жасап, содан кейін Президент барлық аймақта төтенше жағдай енгізу туралы жарлықтарға қол қойды.

Кешке қарай ҰҚШҰ мүше мемлекет басшыларымен жеке-жеке телефонмен хабарласып шықты. Олар қолдауын білдірді. Ал түнгі сағат 11.30-да қауіпсізді кеңесінің төрағасы ретінде алғашқы отырысты өткізді. Ол жерге барлық осы кеңестің мүшелерінің бәрі қатысты. Ол жерде Президент бұл қауіп қана емес, бұл мемлекет тұтастығына нұқсан келтіру, азаматтарға шабуыл жасау екенін айтты. "Олар менен Мемлекет басшысы ретінде тез арада өзін қорғауды сұрайды, азаматтармыздың тынышытығын, қауіпсіздігін беру менің конституциялық міндетім" деп, сондықтан ҰҚШҰ-дағы әріптестеріме өтініш білдірді. Бұл уақытылы және толық дұрыс қабылданған шешім деп мәлімідеді. 

Осы отырыстан кейін сағат 12.30-1.00 шамасында бірқатар аса маңызды тағайындауларға қол қойды. Атап айтқанда, ҰҚК-ның сол кездегі төрағасы Кәрім Мәсімовті орнынан алып, орнына Ермек Сағымбаевты және Мемлкекеттік күзет қызметінің басшысы ретінде Сәкен Исабековты тағайындады. Бәрі маңызды қадамдар. 

6 қаңтарда, сол күні таңертең бірден үкіметке 10 тапсырма берді. Сол түні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

7 қатарда таңғы сағат жетіде штаб отырысын өткізді. Сол күні түскі сағат 2.30 шамасында Қазақстан халқына кезекті үндеуін жасады. Оны барлық телеарна көрсетті.

Осы күндерде, 9 күннің айналасында Президент жиыны 26 жарлыққа қол қойған, оның 5-еуі тағайындау. 9 өкімге қол қойған, оның 5-еуі тағайындау. Сонда 10 тағайындау жасаған.

Халық көріп отыр, 4 қаңтардан бері 100 сағаттан астам, 120 сағат Ақордада үзіліссіз жұмыс жасап отыр. Жұмыс уақытына байланбай түнгі екіде заңға қол қойып жатыр, таңғы жетіде жиналыстар өткізіп жатыр", - деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, ол Президент 11 қаңтарда Парламентке баратынын айтты.

Реклама
Реклама

"Қазіргі таңда білесіздер, Маминнің үкіметі отставкаға кеткеннен кейін барлық министр міндетін атқарушы. Қайтадан тағайындалады. Үкімет жаңадан жасақталады, ауыс-түйіс болатыны сөзсіз", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная