Бес есеге асыра бағалау: Антикор пәтерді мемлекеттік сатып алуда заңбұзушылықты анықтады

Фото:elements.envato.com

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жыл басынан бері 800 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жыл басынан бері 800 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымда "Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік сатып алу арқылы 540 миллион теңге бюджет қаражатына 11 пәтер алуды жоспарлаған.

"Сараптау кезінде әрбір пәтер бес есеге дейін асыра бағаланып есептелгені анықталды. Яғни, мемлекеттік мекеме бір пәтерді 49 170 000 теңгеге сатып алуды көздеген.

Департаментпен мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына пәтерлерді сатып алуға жоспарланған бағаны қайта қарау туралы ұсыныс хат жолданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде, жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, 500 миллион теңгеден аса қаржы үнемделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама