Бес жастағы Мәдина Ерланқызын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Бес жастағы Мәдина Ерланқызын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр видео кадры

Қостанай облысының полицейлері жоғалған қыз үйінен 9 шақырым жерде, жүгері алқабынан байқалғанын хабарлады. Баланы іздеуге ерікті тұрғындар да қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының полицейлері жоғалған қыз үйінен 9 шақырым жерде, жүгері алқабынан байқалғанын хабарлады. Баланы іздеуге ерікті тұрғындар да қосылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция өкілдері егістік қоршауға алынғанын, қызды іздеуге дрон пайдаланылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Жоғалған қыз жүгері алқабында жүргені туралы хабарды естіген ондаған қостанайлық, ауыл тұрғындары полицияға көмекке келді. Бәрі осы жағдайға байланысты бірікті. Іздестіру жұмыстарына еріктілер, қамқор азаматтар көмектесіп жатыр", - деді Қостанай облысының ПД өкілдері.

Еске салайық, бірнеше күннен бері жоғалып кеткен кішкентай қыз іздестіріліп жатыр. Ол таңғы сағат 7-де үйінің терезесінен шығып, қашып кеткен. Оның ойын алаңында жүргенін, кейін жолдан жүгіріп өтіп, орманға қарай бет алғанын көрген адамдар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама