ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамыр 2023 | 09:06
Бес жыл бұрын жоғалған түркістандыққа қатысты күтпеген дерек пайда болды
Еріктілер Түркістан облысында 2018 жылы із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктілердің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еріктілер Түркістан облысында 2018 жылы із-түссіз жоғалып кеткен ер адамды іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еріктілердің Instagram-парақшасына сілтеме жасап.
Құлбаев Болат Әбдіқадірұлы, 1967 жылы туған, 2018 жылғы қыста хабарсыз кеткен. Ер адам Жетісайдан Астанаға жұмыс істеу үшін кетіп, жоғалып кеткен.
Бес жыл өткен соң, яғни 2023 жылғы 12 мамырда Арслан есімді ер адам жоғалған азаматтың туыстарына телефон шалып, Болаттың құлдықтан қашып келгенін, оған 1000 теңге беріп, Таразға таксиге отырғызғанын айтқан. Болат жақтан Шымкентке, одан Жетісайға келуге мәжбүр болған. Алайда содан бері із-түзсіз жоғалған адам туралы хабар жоқ.
Туыстарының айтуынша, олар Болаттың "қашып, үш күн қамыстың арасына тығылғанын, кейін Меркідегі шаруа қожалығына келгенін" білген.
Жоғалған азамат туралы мәлімет білетіндер 8777 679 18 24 немесе 102 телефондарына хабарласуы сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также