17 қараша 2022 | 09:04

"Бес жыл суын ауыстырмаған": Ақтөбеде балалар уланған бассейнге қатысты тың дерек шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақтөбенің ең үлкен бассейнінде бес жыл бойы су ауыстырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбенің ең үлкен бассейнінде бес жыл бойы су ауыстырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Спорт кешені басшылығының айтуынша, бассейннің суын ауыстыру тым қымбат. Сол себепті жай ғана хлорлап келген.

Айта кетейік, Ақтөбе бассейнін тексеру туралы мәселе қарашаның басында көтерілген болатын. Ата-аналар бассейнге келген балаларда суда хлордың тым көп болуына байланысты аллергиялық бөртпе, жөтел пайда бола бастады деп шағымданған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жазда дәл осы "Достық" спорт кешенінде жарыс кезінде 12 қатысушы ауырып, ауруханаға жеткізілген. Оларда реактивті затпен уланған деген болжам болған.

Телеарна мәліметінше, енді басшылық үнемдеу мақсатында бес жыл бойы бассейн суын ауыстырмағаны белгілі болған.

"Су соңғы рет 2017 жылы ауыстырылды, су ауыстыру - өте қымбат процесс. Сүзгілер жақсы жұмыс істейді. Бірақ біз қазір сүзгілерді де тексеріп жатырмыз. Ал су ауыстыру 7 миллион теңге тұрады", - дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Әділбек Дильжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная