07 сәуір 2024 | 10:37

Бес өңірде республикалық маңызы бар жолдардың он учаскесін су басты

Фото:depositphotos.com

Қазақстанның бес облысында республикалық маңызы бар төрт шақырымға жуық жолды су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бес облысында республикалық маңызы бар төрт шақырымға жуық жолды су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 7 сәуірдегі сағат 06:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жол жүру учаскесін су алып, жалпы ұзындығы 3910 метр болды. 7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолдарында (ұзындығы 801 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмылдырылғаны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная