02 мамыр 2023 | 09:11

Бес тіл меңгерген қарағандылық: "Мен үшін ең қиыны қазақ тілі, түсінемін, бірақ сөйлей алмаймын"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстандағы ең жас докторант, 23 жастағы қарағандылық Азамат Алтынбеков бес тілді - орыс, ағылшын, неміс, француз және итальян тілдерін еркін меңгерген. Алайда ол қазақ тілін әлі меңгере алмай жүргенін айтады. Бұл туралы Азамат "Индустриальная Караганда" газетіне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы ең жас докторант, 23 жастағы қарағандылық Азамат Алтынбеков бес тілді - орыс, ағылшын, неміс, француз және итальян тілдерін еркін меңгерген. Алайда ол қазақ тілін әлі меңгере алмай жүргенін айтады. Бұл туралы Азамат "Индустриальная Караганда" газетіне айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас ғалым астанадағы университеттен шақырту алған, алайда ол бас тартқан. Азамат Қарағандыдан кеткісі келмейтінін, себебі жақындары мен достары осы қалада тұратынын айтады.

"Тіл меңгеруді оныншы сыныптан бастап қолға алдым. Оған дейін тек орыс тілінде сөйлейтінмін, себебі отбасымызда бәрі осы тілде сөйлейді", - дейді лингвист.

Реклама
Реклама

Азаматтың сөзінше, ол жақында корей тілін үйрене бастаған. Ал ең қиыны қазақ тілі болған.

"Докторантураға тапсыру үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру керек болғандықтан, оны терең меңгере бастадым. Бірақ қазақ тіліне бірде-бір методика жұмыс істемейді. Грамматиканы үйренуге тырыстым. Заманауи қазақ тіліндегі әндерді тыңдай бастадым, бірақ ол да көмектеспеді. Бәрін түсінемін, бірақ әзірге сөйлей алмаймын", - дейді жас ғалым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная