19 мамыр 2019 | 17:30

Бейбіт Атамқұлов Жапония мен Ауғанстан сыртқы істер министрлерімен кездесті

© mfa.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрі Жапония және Ауғанстан Сыртқы істер министрілерімен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның сыртқы істер министрі Жапония және Ауғанстан Сыртқы істер министрілерімен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап

"Орталық Азия + Жапония" Диалогы (ОАЖД) мыртқы істер министрлерінің 7-ші кездесуіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Жапония мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері Таро Коно және Салахуддин Раббанимен келіссөздер жүргізді.

Реклама
Реклама

Жапон әріптесімен кездесу барысында Б.Атамқұлов жапон делегациясын жақында жаңа император Нарухитоның тағына отырғызуымен және "РЭЙВА" ("гүлденген әлем") жаңа дәуірінің басталуымен құттықтады.

Қазақстан тарапы Орталық Азия мен Жапония форматында диалогты өткізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті, себебі бұл платформа аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелерін және Жапониямен аймақаралық ынтымақтастықты талқылау үшін үлкен мүмкіндіктерді ұсынады.

Тараптар Қазақстан-Жапония қатынастарының жай-күйіне қанағаттанғандықтарын білдірді. "Қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Біздің ел басшылығы Жапониямен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән береді ", - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді, Жапония - Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың саны бойынша 7-ші орында, екі жақты сауданың өсуі байқалады. 2018 жылы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларына жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (1,3 миллиард доллар) салыстырғанда 54 пайызға артты. Қазіргі уақытта Қазақстанда жапондық капиталдың қатысуымен мұнай-газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме сату және логистика сияқты салаларда жұмыс істейтін 70 кәсіпорын бар.

Қазақстан экономикалық жаңғыртуды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті жапондық инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі. Біздің еліміз өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын. Тараптар қазақстан-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің басшысымен екі жақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланған кездесу достық жағдайда өтті.

Қазіргі уақытта Ауғанстанның саяси өмірінде алдағы президенттік сайлауға байланысты өте маңызды кезең. Қазақстандық тарап сайлаудың әділ және ымырасыз күрес, толық ашықтық пен қауіпсіздік жағдайында өткізілетініне, ал ауған халқы дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді. "Қазақстан Ауғанстанды қайта қалпына келтіру бойынша халықаралық міндеттемелерін орындап келеді және елдегі жағдайды тезірек тұрақтандыруға мүдделі", - деді ҚР СІМ басшысы.

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейі атап өтілді, бұның дәлелі ретінде 2018 жылы (520,6 млн.) жарты миллиард АҚШ долларынан астам тауар айналымы. Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі құралдардың бірі - Қазақстан-Ауғанстан Үкіметаралық комиссиясы.

Ауғанстан қазақстандық астық және оның өнімдерінің дәстүрлі импортері болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан қазақстандық тауарлардың экспортын арттыруға мүдделі және отандық тауарларды импорттаушы қазақстандық компанияларға көмек көрсетуді сұрады. Ауғанстанға экспорттауға болашағы бар тауарлар арасында ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасы, аккумулятор, генератор, құрылыс материалдары, электр беру желілері, металл және пластикалық құбырлар, шыны және тағы басқа. 

2019 жылдың ақпан айында қазақстандық "Интегра Констракшн" компаниясы Ауғанстандағы "Хаф - Герат" теміржол учаскесін салу бойынша тендерді жеңіп алды. Осыған байланысты Қазақстан СІМ басшысы Ауғанстан тарапына біздің компаниямыздың осы құрылысқа қатысуға және осы компанияның қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екендігіне алғысын білдірді.

Қазақстан адам ресурстарына инвестициялауға үлкен мән береді және жоғары оқу орындарында жоғары, техникалық және кәсіптік білім алған ауған жастары үшін білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен АИР Білім министрлігі бакалавриат бағдарламалары бойынша - 16, магистратура - 16 және докторантурада - 2 студент арқылы қазақстандық жоғары оқу орындарында 30 ауған азаматын даярлауды көздейтін Меморандумға қол қойды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная