1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Бейбіт шерушілерге қарсы қарулы күш қолданған емеспіз - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданып жатқаны" туралы ақпарат таратқандарға қатысты пікір

Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданып жатқаны" туралы ақпарат таратқандарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келтірілген барлық дерекке қарамастан, кейбір дереккөздер Қазақстандағы билік бейбіт шерушілерге қарсы күрес жүргізіп жатқанын мәлімдеп отыр. Бұл - жалған ақпарат. Біз ешқашан бейбіт шерушілерге қарсы қарулы күштерді қолданған емеспіз, қолданбаймыз да", - деді Тоқаев ҰҚШҰ жиынында сөйлеген сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!